ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ «СПОРТЛАНДИЯ» ЖАРЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ «СПОРТЛАНДИЯ» ЖАРЫСЫ

Жарыстың мақсаттары мен міндеттері:

- жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәнін танымал ету және беделін арттыру, оқушыларға қазіргі өмірде қажет теориялық білім мен тәжірбиелік дағдыларды жетілдіру;

- дене шынықтырумен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті тәрбиелеу;

- оқушыларды дене тәрбиесі мен спорт арқылы достыққа тарту;

- мектептерде спорттың даму деңгейін арттыру;

- өскелең ұрпақтың азаматтық сезімін тәрбиелеу.

Облыстық «Спортландия» жарысы екі топ арасында өткізілді:

      1 топ: 5-6 сынып (3 ұл, 2 қыз – бір мектептен);

2 топ: 7-8 сынып (3 ұл, 2 қыз – бір мектептен).

Жарыс  бағдарламасына  келетін  болсақ:

- Белтемірге тартылу (ұлдар);

- Кеудеде жатып денені көтеру (қыздар);

- Екпін отыру, екпін жату (ұлдар, қыздар);

- Қол алда классикалық отырып-тұру (қыздар);

- Классикалық қолды бүгу және жазу (ұлдар);

- Баскетбол добын кеудеден себетке лақтыру (ұлдар, қыздар).

«№ 5 жалпы  білім беретін  орта мектеп»КММ –ң  7 -8 класс оқушылары Аягөз  ауданының  намысын қорғап, облыстық «Спортландия» жарысында ІІІ  орынға ие  болды. Жетекшілері В.Агаев  пен Ә.Омарбеков  команданы жүйелі  түрде  дайындап,осындай  жақсы  жетістікке жете  білді.Міне облыстық жарыстың  жүлдегерлері:
Серикказиев Темірлан 8 в класс
Асылханов Нұржан 8 б класс
Турлыбеков Жанарыс 8 б класс
Ельшибекова Нұрай 8 а класс
Жұмашова Ақниет 8 а класс

Құттықтаймыз!