
2021 жылдың 11-12 желтоқсан аралығында аудандық білім бөлімінің қолдауымен, Абай Таласұлы бастаған №10 қазақ мектеп гимназиясының әкімішілігі, ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және № 10 қазақ мектеп гимназиясының жүлдесіне арналған 10 -11 класс қыздар арасындағы аудандық волейбол жарысы өткізілді. Ашылу салтанатында № 10 қазақ мектеп гимназиясының оқушылары би билеп ән айтып, жас волейболшы қыздарға,қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жарыстың бас төрешісі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Л.Нанковская команда жетекшілерімен төрешілер отырысын өткізіп,командалар жеребе қорытындысы бойынша 4 топқа бөлінді. Жарысқа 19 команда қатысып, бақтарын сынады.№ 1 орта мектебінің, № 3 орта мектебінің, Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің және алаң иелері № 10 қазақ мектеп гимназиясының спортзалдарында өткен жарыс қызықты да, шиеленісті өтті. № 10 қазақ мектеп гимназиясының демеушілік көмегімен өткізілген жарыста № 10 қазақ мектеп гимназиясының,№ 1 орта мектебінің,№ 7 орта мектебінің,қалалық қазақ мектеп лицейінің командалары ақтық ойындарға шықты.
Өз-ара кездесулердің қорытындысы бойыншы алаң иелері № 10 қазақ мектеп гимназиясының командасы барлық ойындарда жеңіске жетіп, І орын иеленді. ІІ орынды № 1 орта мектебінің командасы,ІІІ орынды № 7 орта мектебінің командасы иеленді. Доптар айырмашылығы бойынша қалалық қазақ мектеп лицейінің командасы үштіктер қатарына іліне алмай қалды.
Жарыстың «Ең үздік ойыншысы» болып,№ 10 қазақ мектеп гимназиясының ойыншысы А.Оракбаева, «Үздік шабуылшы» - № 1 орта мектебінің командасының ойыншысы Л.Сакенова,«Үздік қорғаушы»- № 7 орта мектебінің командасының ойыншысы М.Хомченкова , «Үздік доп беруші»- қалалық қазақ мектеп лицей командасының ойыншысы А.Байназарова болып танылды.
Жеңіске жеткен командалар,үздік ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен,№ 10 қазақ мектеп гимназиясының кубоктарымен, медальдарымен,бағалы сыйлықтарымен марапатталды.