ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 12 желтоқсан  Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы бойынша Тарбағатай ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

         Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Аягөз ауданының Тарбағатай ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Тарбағатай сайлау округі

Тарбағатай ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша:

 

         Тарбағатай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 857 азамат енгізілді, оның 782 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» деген жолда  қойылған белгі - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Абай Руслан Серікқазыұлы–  43;

Ережепов Ербол Шакерұлы – 676;

Сағындықов Нұрлан –63.

         Тарбағатай  ауылдық округінің әкімі болып Ережепов Ербол Шакерұлы сайланды. 1972 жылы туған, Тарбағатай ауылдық округінің әкімі, «Nur Otan» саяси партиясымен ұсынылған.                                                                                 

         Аягөз аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45 – бабына сәйкес 2021 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен 2021 жылғы 12 желтоқсан сайланған Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің әкімі болып - Ережепов Ербол Шакерұлы тіркелді.