10 -11 класс оқушылары арасындағы Ұлағатты ұстаз, спорт ардагері, «Ы. Алтынсарин атындағы орденнің иегері А. Алатаев атындағы дәстүрлі баскетбол жарысы

10 -11 класс оқушылары  арасындағы Ұлағатты  ұстаз,  спорт  ардагері,  «Ы.  Алтынсарин  атындағы орденнің иегері  А. Алатаев атындағы  дәстүрлі баскетбол жарысы

2021  жылдың   25-27 қараша аралығында   10-11 класс оқушылары арасында  ұлағатты  ұстаз, спорт  ардагері, «Ы.  Алтынсарин  атындағы  орденнің иегері А. Алатаев атындағы дәстүрлі баскетбол  жарысы  «№ 3 жалпы  білім  беретін  орта  мектеп» КММ – де өткізілді. Жарысты мектептің   әкімшілігі,  ұжымы  бірлесіп өткізді.

    Ашылу  салтанатында мектеп директоры Г.Абуталипова, аудандық  білім  бөлімінің әдіскері  С.Қыржыбаев, Амангелді Константиновичтың жұбайы  Назира апай,ұлы  Нурлан қатысушыларға сәттілік тілеп,қонақтарға жылы  лебіздерін  білдірді.Арнайы  келген ардагер  ұстаздар,замандастар,әріптестер де  жылы  лебіздерін  білдірді. Мектеп  оқушылары  мың  бұралған бимен, әсем  әндермен қонақтарды, қатысушыларды өз  өнерлерімен  тәнтті  етті.

Төреші Д.  Жақиянов жарыстың  өту  тәртібімен,  ережемен, жеребені  ашық түрде өткізіп,  таныстырды.

     Жалпы,  жарысқа  ауданымыздың  18 орта  мектептерінің  командалары  қатысты.         

    Қала  мектептерінен №1,Д. Бабатайұлы атындағы орта  мектеп, № 3, № 4, № 5, № 6,№7, К.  Бозтаев  атындағы мектеп-гимназия,мектеп- лицей, мектеп – гимназия, № 10 гимназия,ауылдық окургтерден Ақши, Сарыарқа,Ақшаулі, Ақтоғай, Шынқожа батыр атындағы,С.Ғаббасов  атындағы  орта  мектеп,Ж.Жабаев  атындағы  орта  мектеп,Ш.Уалиханов атындағы  орта  мектебінің командалары  қатысты.Жарыс жоғарғы  дәрежеде өтті.

 Командалар  жеребе  арқылы 4 топқа бөлінді. Мықтылар  алғашқы  ойыннан  соң көзге  түсе  бастады. Мектеп-гимназия,№ 3 орта  мектеп, лицей,  Ж.Жабаев  атындағы  орта  мектебінің командалары  ақтық  ойындарға шығып,өз  ара  жеңімпазды  анықтады.

                     Шиеліністі  ойындар  қорытындысы  бойынша  І  орынды мектеп – гимназияның командасы,ІІ орынды мектеп  лицей командасы, ІІІ  орынды  № 3 орта  мектебінің командасы  иеленді.Жақсы ойын  көрсеткен Ж.Жабаев  атындағы  орта  мектебінің ойыншылары жүлделі  орындарға  бір  табан  жетпей,ІVорын  иеленді.    

        Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер,әр  ойын  шебінде үздік  ойын  көрсеткен ойыншылар аудандық  білім  бөлімінің  мақтау  қағаздарымен және отбасының демеушілігімен алынған арнайы  ауыспалы  кубокпен,  мақтау  қағаздармен,медальдармен,бағалы  сыйлықтармен, марапатталды.