
2021 жылғы 30 қарашада сағат 15:30-да (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша) Аягөз ауданы әкімдігінің Фейсбук ресми парақшасында Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Онлайн жәрмеңке» өтті.
Жәрмеңке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Онлайн жәрмеңкеге» Аягөз ауданының мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің мамандары қатысты.
Мамандар көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.