
2021 жылдың 30 қараша күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі С.А.Ысқақов құттықтау сөз сөйлеп, грамоталар мен алғыс хаттарды табыстады. Мерекелік концерттік бағдарламада әскери үрмелі аспаптар оркестрі мен фольклорлық ансамбльдің орындауындағы композициялар, «Әйгерім» бишілер тобының билері мен мәдениет үйінің әншілерінің өнерлері көрсетілді.