Ауыз су сапасын бақылау бойынша зертханалардың жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу

Ауыз су сапасын бақылау бойынша зертханалардың жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу

Ағымдағы жылдың 22-қараша күні «Аягөз – Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісінің уақытша міндетін атқарушысы, Нәдірбай Айдар Құрмансерікұлы.

Аягөз ауданы бойынша ауыз су сапасын бақылау бойынша зертханалардың жұмысына қоғамдық бақылау жүргізілді. Су сапасы туралы ақпарат

Аягөз ауданы бойынша сумен  жабдықтау бойынша «Аягөз Су» КМК, «Су» КМК  және «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС мекемелері қызмет көрсетеді. Мекемелер өз тараптарынан, су сапасын қадағалау мақсатында, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Аягөз ауданның бөлімімен келісім шартқа отырған.

Су сапасын тексеру мақсатында ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Аягөз ауданның бөлімі бекітілген кестеге сәйкес су ұңғымаларынан және құбырларынан үлгілер алып тексеріс өткізеді.

Ауыз суды залалсыздандыру мақсатында, жылына екі рет, сәуір және қазан айларында хлорлау жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы қазан – қараша айында алынған сараптамаға сәкес, Аягөз ауданы бойынша су сапасының барлық көрсеткіштері нормаларға сәйкес келеді.