«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атты байқау

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ  АЗАМАТЫ» атты  байқау

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  арналған мемлекет  басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен  қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға  кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ  АЗАМАТЫ» атты  байқауға  қатысып,  «Мектеп  жанындағы  интернаты  бар жалпы орта  білім  беретін № 6 мектебі» КММ –ң  директоры Л.Молдашева жеңімпаз  атанды. Жерлесіміздің Аягөз ауданының білім саласына қосқан өлшеусіз үлесі мен саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы төккен тері еленіп, жоғары марапатқа ие болуы  ауданымыз үшін мәртебе. Талапшыл басшы, білікті маман, білімді ұстаз ретінде үнемі жоғары деңгей үдесінен көрініп жүрген Ләззат Тұрсынқызының бұл жетістігі бір күндік еңбектің емес, үздіксіз жүйелі жүргізілген жұмыстың арқасында келген жетістік. Құттықтаймыз!!!