Халықаралық зағиптар күніне арналған фестиваль

Халықаралық зағиптар күніне арналған фестиваль

2021 жылдың 11 қараша күні аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде Халықаралық зағиптар күніне арналған «Бар әлемді жүрегіммен сеземін» атты  фестиваль өтті. Концерттік бағдарламада мәдениет үйінің әртістерімен бірге аудандық  зағиптар қоғамының мүшелері қазақ композиторларының әндерін дуэтпен орындап, өнерлерін паш етті. Фестивальде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.І.Аманов құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің алғыс хаттарымен сыйлықтарын табыстады.