Аудандық «ProEko» экологиялық жобалар конкурсы

Аудандық  «ProEko» экологиялық жобалар  конкурсы

2021 жылдың  5 қараша  күні  Республикалық «ProEko» экологиялық жобалар  конкурсының  аудандық  кезеңі онлайн жүйесімен өткізілді.                 Конкурстың  мақсаты: оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке  тәрбиелеу,табиғатты  қорғау  қызметіне  бейімдеу, мектеп  оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру;

Конкурс 4 бағыт бойынша өтті.

1 бағыт –«Туған  өлке  табиғаты»

2 бағыт –«Мені  қоршаған  әлем –ғажайып  әлем»

3 бағыт- «Үздік  экологиялық  бастама»

4 бағыт – «Таза  қала сізден  басталады»

Конкурсқа 26 оқушы  қатысып,жеңімпаздары   анықталып, облыстық  кезеңге  жолдама  алды.

 Жеңімпаздарға  келетін  болсақ:

Облыстық  кезеңге  әр  бағыт  бойынша  І  орын  алып,  жолдама  алған  оқушылар төмендегідей:

1 бағыт бойынша – А.Бауыржанова (С.Сейфуллин  ат  ом)

2 бағыт  бойынша Е. Туяқов ( № 6 ОМ)

3 бағыт  бойынша Н.Даулетқызы , Т.  Еркінқызы (№ 1 ом)

4 бағыт бойынша  С.  Самарқанова ( № 4   ом)

Конкурс  жеңімпаздары ZOOM платформасы  арқылы марапатталды.Барлық  жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтай  отырып, облыстық  кезеңде сәттілік  тілейміз!