«Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру» атты дөңгелек үстел

«Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру» атты дөңгелек  үстел

2021 жылдың 4 қараша  күні «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ –де    ауданымыздағы химия және биология пәндері бойынша жас мамандардың кәсіптік шеберлігін, оқытуда  ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, әдіс –тәсілдерін  көрсету арқылы педагогтардың  бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру мақсатында «Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру» тақырында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.   Аталған іс-шараға ауданымыздың 16 жас мамандары қатысты. 

       Дөңгелек үстел барысында  төмендегі тәжірибелі мұғалімдер:                                                                              Қ.Бастосова  («Жаңғыру жолындағы – жас маман» тақырыбында  тренинг), Н.Жумадилова (қысқа мерзімді жоспарды  жоспарлаудың тиімді жолдары), Қ.Ахметова (биология және химия сабағында жаңартылған білім бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.) өздерінің  іс-тәжірибелерін ортаға  салды. Жас мамандар ризашылығын білдірді. Бұл іс - шара болашақта жалғасын табады.