
2021 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарағаш ауылының ауылдық клубында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған аудандық іс-шара өтті. Мереке Аягөз ауданының әкімі С.А.Ысқақовтың ауданның ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтауымен және марапаттауымен басталды. Іс-шара аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің мерекелік концертімен жалғасты. Туған жер туралы ән шырқап, музыканттар аспаптық шығармаларын орындап, бишілер би билеп ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.