Білім қызметкерлері арасындағы шағын футбол жарысы

Білім қызметкерлері арасындағы шағын футбол жарысы

 2021  жылдың  4-5 қараша аралығында  Шығыс  Қазақстан  облысының Аягөз аудандық  білім және ғылым  беру  қызметкерлері  комитетінің ұйымдастыруымен  балалар –жасөспірімдер  спорт   мектебінде және  оңтүстік  қалашықтағы спорт  кешенінде  білім  қызметкерлері   арасында  шағын футбол  жарысы   өткізілді.

   Жарыстың бас  төрешісі Е. Игисинов командалар  жетекшілерімен төрешілер  отырысын  өткізіп,  жарыстың  өту  барысымен  таныстырды. Жарысқа  16  команда  қатысты.

      Олар: № 1 орта  мектебі,Д.  Бабатайұлы  атындағы  орта   мектебі, № 3,№ 4, № 5, № 6,№ 7 орта  мектептері, К.  Бозтаев  атындағы  қазақ мектеп гимназия,көпбейінді мектеп – гимназия,мектеп – лицей командасы,Шынқожа  батыр  атындағы  орта мектебі, Ақши орта  мектебі,С.  Ғаббасов  атындағы  орта  мектебі, балалар – жасөспірімдер  спорт  мектебі,М. Әбеулов  атындағы орта  мектебі, Тарбағатай  орта  мектеп  командалары.

     Командалар  4  топқа, жеребе  арқылы  бөлінді. Ақтық  ойындарға балалар-жасөспірімдер  спорт  мектебінің  командасы,№ 1 орта  мектебінің  командасы, № 6 орта  мектебінің командасы,С.  Ғаббасов атындағы  орта  мектебінің командалары  шықты. Тартысты  ойында  І  орынды балалар-жасөспірімдер  спорт  мектебінің  командасы, ІІ орынды № 1 орта мектебінің  командасы, ІІІ  орынды № 6 орта мектебінің  командасы иеленді.Жақсы  ойын  көрсеткен С.Ғаббасов  атындағы  орта  мектебінің  командасы  да  марапатқа ие  болды.

     Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және  ғылым беру қызметкерлері  кәсіподақ комитетінің кубоктарымен,бағалы  сыйлықтарымен,медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.