
«Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д. Кенжеғазин Аягөз ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі, «Аягөз — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Л. Молдашевамен бірге «Бір қабатты — Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасымен танысты. Бағдарлама бойынша Аягөз қаласында екі пәтерлі 29 тұрғын үй және бір пәтерлі 50 тұрғын үй салынуда.