Мамырсу ауылында орташа жөндеуден өтіп жатқан жол құрылысының сапасымен танысу

Мамырсу ауылында орташа жөндеуден өтіп жатқан жол құрылысының сапасымен танысу

«Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д. Кенжеғазин Аягөз ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі, «Аягөз — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Л. Молдашевамен бірге «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Аягөз ауданы Мамырсу ауылында орташа жөндеуден өтіп жатқан жол құрылысының сапасымен танысты. Жолды орташа жөндеу 3 көшеде (С. Ғаббасов, А. Көшкімбаева, Қасабай батыр) жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы 4500 м. Жөндеу жұмысына бөлінген қаражат көлемі 120 млн, оның 108 млн республикалық, 12 млн облыстық бюджеттен бөлінген. Мердігер ұйым «СМК шебер» ЖШС.