
«Шығыс-Адалдық» алаңы жобалық кеңсесінің айлық тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 27 қазанында «Аягөз-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Лаззат Тұрсынқызы және «№6 ЖББОМЖИ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ақ жолдан айныма, ар сақта-соңы біл" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге "Аягөз-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі- Л.Молдашева, Аягөз аудандық мәслихатының депутаты А.Қ.Нәдірбай , Аягөз қалалық орталық мешітінің найб имамы- Дәулет Қинаятұлы, Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сабитова Балжан, Аягөз аудан аралық ауруханасы,жастар денсаулық орталығының психологі Жадыра Болатбекқызы,қатысып адалдық алаңы жобасы аясындағы сұрақтарға жауап алынды.