Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;

пошталық мекенжайы: 070019, ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;

электрондықпоштасы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz;

байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-61;

Конкурстыңнысанасы: «Бизнестіңжол картасы-2025»  бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау түрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Өскемен қ. Ауезова 26/1 көшесі, 1 қабат кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және https://qoldau.kz/ субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. «2» қарашадан бастап 2021 ж. «12» қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2021 ж. «2» қараша сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2021 ж. «12» қараша сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Конкурстық құжаттармен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik?lang=ru.