Әнші, композитор, ұстаз Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған аудандық оқушылар арасында өтетін байқау

Әнші, композитор, ұстаз Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған аудандық оқушылар арасында өтетін байқау

2021 жылы 13 қазанда аудандық мәдениет үйінде композитор, әнші, актер Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған «Сәби болғым келеді» ән байқауы өтті. Байқауға қала  мен ауылдардан 10 мен 17 жас аралығындағы 26 көркемөнерпаздар  қатысты. Байқаудың шарты бойынша әр қатысушы екі әннен орындады, оның бірі композитор Т.Рахимовтікі , екінші патриоттық ән болды. Байқаудың  қорытындысы : №10 қазақ мектеп-гимназиясының  он үш жастағы оқушы Серікқали Шұғыла гран-при иеленді, 1-орынды № 6 орта мектептің 10-сынып оқушысы Апрымова Ботагөз жеңіп алды. 2 орын-Емелтау ауылындағы Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Жеңісова Айзере және 3 орын-Тарбағатай ауылындағы орта мектебінің 12 жасар оқушысы Аблахат Іңкәр иеленді.