Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу

2021 жылы 30 тамыз күні аудандық  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»мәдениет үйінде және барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтті. Мәдениет қызметкерлері онлайн режимінде мерекелік концерттер, жастар мен мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел, бейне көрсетілімдер және т. б. іс-шаралар өткізді. Аталмыш іс -шараларда мәдениет үйінің әртістері, ауылдардың көркемөнерпаздары қатысып өз өнерлерін көрсетті. Концерттік бағдарламаларда туған жер туралы патриоттық әндер, қойлымдар  орындалды.