
2021 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына байланысты аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінде және Айғыз, Ақтоғай, Ақшәулі, Қарағаш, Мәдениет, Нарын ауылдық клубтарда мәдени шаралар өтті. Өз бейнеролигін аудандық мәдениет үйі тақырыптық бидің қойылымынан бастады, онда бишілер жақсылық пен жамандықтың күресін, сол кездегі азапты бейнелеп, Раида Садықованың орындауында «Заман- ай » әнімен жалғастырды. Ауылдық клубтарда аға буынның жастармен кездесулері өтті, олар полигонның тарихы мен оның ауыр зардаптары туралы әңгімеледі.