
Жел шатырға әсер ететін табиғи құбылыстардың бірі болып табылады және оларды кез-келген құрылымды салу кезінде ескеру қажет.
Аягөз ауданы қатты желге ұшырайды (Қазгидромет филиалының деректері бойынша Аягөз ауданында желдің ең жоғары жылдамдығы кейбір жерлер 28 м/с құрайды), нәтижесінде, статистикаға сәйкес, жыл сайын тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени ғимараттардың шатырлары мен төсеніштері бұзылып, электр желілерінің үзілістері орын алады, бұл халықтың өмір сүру жағдайларының бұзылуына және айтарлықтай материалдық шығындарға әкеледі, кейбір жағдайларда, өкінішке орай, адам жарақатына себеп болады.
2021 жылдың бүгінгі күнге екпіні 18-22 м/с. болған қатты желдің салдарынан шатырдың бұзылуына байланысты 3 төтенше жағдай тіркелді. 2021 жылдың 19 мамырда екпіні 20 м/с болған қатты желдің салдарынан Аягөз қаласы Д.Бабатайұлы орта мектеп ғимаратының шатыры ішінара бұзылды, шатыр жабынының жалпы ауданы 613 шаршы метрді құрады. Екінші оқиға 2021 жылғы 09 тамызда екпінді желдің салдарынан 22 м/с дейін болған, Айғыз аулында Айғыз орта мектеп ғимаратының шатыры ішінара бұзылды, ауданы 700 шаршы метр құрады, Саяхат көшесі, 128 мекен-жайы бойынша орналасқан түрғын ұйдін толығымен шатырын ұшырған және Саяхат көшесі, 121 мекен-жайы бойынша орналасқан түрғын ұйдін шатыры ішінара бұзылды, тағыда электро сым және опоралар қираған. Үшінші оқиға 2021 жылғы 12 тамызда екпінді жел 18 м/с дейін салдарынан Мадениет ауылының Е.Рахмадиев атындағы орта мектеп ғимаратының шатыры ішінара бұзылды, ауданы 600 шаршы метр құрады .
Негізінен шатырдың бұзылуы ғимараттар мен құрылыстарда орын алады, онда шатыр ұзақ уақыт бойы жөнделмеген, оны жөндеу үшін сапасыз шатыр материалдары қолданылған, құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде төбе жабындарын монтаждау дұрыс жүргізілмеген.
Аягөз ауданының ТЖ бөлімі Аягөз өңірінің тұрғындарына жел күшейген жағдайда "112" құтқару қызметінің хабарламаларын елемеуді, өте мұқият болуды, әлсіз бекітілген және тозған құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр беру желілеріне жақындамауды ұсынады.
Төтенше жағдай туындаған кезде, шұғыл қызметтерге "101" және "112"нөмірлері арқылы хабарлаңыз.
Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі