
Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар: 🔑Еgov.kz арқылы: 📌Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз; 📌Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз; 📌Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз; 📌Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз; 📌Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз. Есіңізде болсын❗ ☝️Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек. ⏰Қызмет көрсету уақыты – 15 жұмыс күні. 🔑ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін: 📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз; 📌ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз; 📍Қажетті құжаттар тізімі: 📎Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік; 📎Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары. Есіңізде болсын❗ ☝️ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз. ☝️Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады. 💰Қызмет көрсету құны – тегін. ⏰Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.