
2021 жылдың 1 - 30 мамыр күндерінің аралығында Аягөз ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім — кең байтақ жерім» атты патриоттық әндердің онлайн байқауы 17-ден 29 жасқа дейінгі жас ерекшілігінде өтті. Байқауға 16 ауылдық округтен өз бағын сынауға 21 әнші қатысты. Қазылар алқасының бағалауы бойынша: Бас жүлдеге ие болған Тілеубеков Әсет Тарбағатай ауылы. Бірінші орынды иеленген Мұсатаев Жалғас Айғыз ауылы, Қызырова Қуаныш Ақтоғай ауылынан және Ақшәулі ауылынан Үмітханова Оралсын жүлделі 2 орынды бөлісті. Үшінші орында Жақсыкелді Жайдар Малкелді ауылы, Нарын ауылынан Қызырбекова Жанерке және Өркен ауылынан Оразханова Жаннур. Жеңімпаздар, қатысушылар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен жіне алғыс хаттарымен марапатталды.