«Абай музейі - руханият ордасы» көрмесі  аягөз музейінде

«Абай музейі - руханият ордасы» көрмесі  аягөз музейінде

2021 жылдың 7 маусымында Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласының филалы мен бірлескен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейінің Бөрілідегі Мұхтар Әуезов бөлімінің аға ғылыми қызметкері Тәңірберген Гүлзат Сәлімқызының жетекшілігімен «Әуезов және театр», «Әуезов драматург», «Абай жолы - Әуезовтың бас кітабы» атты дәріс, «Абай музейі - руханият ордасы» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.

М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, қазіргі өскелең өмір талабына сай әдебиеттің қажетіне пайдалану үлгісін өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек», «Айман–Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі. Мұхтар Әуезов Абай тақырыбын, Абай өмірі мен өнерінің мән-мағынасын бар ынта-ықыласымен, асқан сүйіспеншілікпен терең зерттеді.

«Абай музейі - руханият ордасы» атты көшпелі көрме 7 экспозициялық бөлімнен тұрады.  Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау көрменің басты мақсаты болып табылды. Көрмеге С. Ғаббасов атындағы орта мектептің 5- сынып оқушылары мен жетекшісі Ж. Сейтмолдинова қатысты. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқушыларға сыйлықтар үлестірілді. Көрме соңында Гүлзат Сәлімқызы музей қорына «Шәкәрім Құдайбердіұлы» мен «Бір ғасыр палуаны» атты кітаптарды тарту етті. Музей ұжымы атынан Аңсаған Мұқаметқалиқызы келушілерге өз алғысын білдірді.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласының филалы