
Аудандық білім бөлімнің ұйымдастыруымен «1 Маусым Балаларды Қорғау》күніне орай,бірқатар спорттық іс -шаралар өткізілді. Секіргішпен қыздар минутқа секірсе,ұлдар доп тебуден өнерлерін көрсетті. «Жас сарбаздар» 5-6 сыныптары арасында және 2007-2008 ж.т қыздар арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.Оңтүстік қалашықта спорттық туризмнан жарыс өткізілді. Қысқартылған бағдарламасында жіп байлау, алау түрлерін көрсету, спорттық бағдарлау сияқты түрлері болды.Жарыстар қызықты да,тартымды өтті.
-«Жас сарбаздар» 5-6 сыныптары арасындағы шағын футбол жарысында І орынды № 4 орта мектебінің, ІІ орынды № 6 орта мектебінің 6 сынып оқушыларының командасы,ІІІ орынды № 6 орта мектебінің 5 сынып оқушыларның командасы иеленді.
-2007-2008 ж.т қыздар арасындағы шағын футбол жарысында І орынды № 6 орта мектебінің командасы,ІІ орынды № 1 орта мектебінің,ІІІ орынды К. Бозтаев атындағы мектеп гимназияның командасы иеленді.
- Секіргішпен 1 минутқа секіруден І орынды Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Д.Қурмасейтова,ІІ орынды № 3 орта мектебінің оқушысы Е.Тускунова және № 6 орта мектебінің оқушысы Д.Калиева иеленсе,ІІІ орынды № 5 орта мектебінің оқушысы С.Калымтаева және № 1 орта мектебінің оқушысы А.Уалиханова иеленді.
- Доп тебуден І орынды К. Бозтаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Т.Акылбаев,ІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Р.Абишев,ІІІ орынды № 1 орта мектебінің оқушысы Ж.Ғалымбеков иеленді.
-Спорттық туризм жарысында жалпыесептік көрсеткіш бойынша І орынды № 4 орта мектебінің,ІІ орынды № 5 орта мектебінің,ІІІ орынды Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің командалары иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!