«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты асфальтта сурет салу байқауы

«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты асфальтта сурет салу байқауы

Орталық алаңда аудандық білім бөлімнің ұйымдастыруымен 《1 Маусым Балаларды қорғау》күніне арналған 1-4 класс оқушылары арасында 《Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!》атты асфальтта сурет салу байқауы өткізілді.Байқауға 7 мектептердің оқушылары қатысты.Әр командада 5 жас суретшіден болды.Барлық қатысқан жас суретшілер шеберліктерін көрсете білді. Марапаттау салтанатына аудан әкімі С.Ысқақов қатысып, жүлдегерлерді марапаттады. Байқау соңынан жас бүлдіршендерге аудан әкімі С.Ысқақов балмұздақтар тарту етті.