
2021 жылғы 20-21 мамыр аралығында қашықтық форматта «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өтті. Мақсаты – балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Жоба «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы аясында жүзеге асырылды.
Слетке облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 6-10 сыныптарының 161 оқушысы – мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Біздің оқушылар туризм бағыттары бойынша бақтарын сынады:
- «Бард әндері» байқауы - музыкалық байқау. Негізгі музыкалық аспап – гитара;
- «Туризм білімпаздары» - туристік түйіндерді білу және оларды байлап көрсету;
- «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» - жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету қағидаларын білуін көрсететін бейнероликтер конкурсы.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінде Аягөз ауданының оқушылары төмендегідей көрсеткіштер көрсетті.
|
№ |
Қатысушының аты-жөні / Ф.И участника |
Сынып / Класс |
Аудан, қала / Район, город |
Білім беру ұйымының атауы / Наименование организации образования |
Орын / Место |
|
|
«Бард әндері» байқауы / конкурс «Бардовские песни» |
||||||
|
2 |
Қадылханова Еркежан |
8 |
Аягөз ауданы |
«№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ |
II |
|
|
«Туризм білімпаздары» номинациясы / номинация «Знатоки туризма» |
||||||
|
5 |
Аманғали Арман |
8 |
Аягөз ауданы |
«№ 4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ |
III |
|
|
6 |
Абдулаханов Сұңқар |
6 |
Аягөз ауданы |
«№ 4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ |
III |
|
|
«Жорықта зардап шеккендерге көмек көрсету» номинациясы / номинация «Оказание доврачебной помощи пострадавшим в походе» |
||||||
|
15 |
Кажиева Дильназ |
9 |
Аягөз ауданы |
«№ 4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ |
III |
|
|
19 |
Құсманова Ұлжан |
9 |
Аягөз ауданы |
«№ 4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ |
III |
|
Осы жетістіктерге оқушыларды жетелеген ұстаздарымызды айтпасқа болмас:
-Туризм бойынша слетқа дайындағандар:М.Ардашев,Р.Кулатаев
-Бардтық ән орындаушысының жетекшісі М.Кадылханова
-Бардық өлеңге әнін,сөзін жазған М.Садуақасов,Қ.Байжуманов
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға және жетекшілеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!