Конкурстыұйымдастырушы: ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;
Электрондық поштасы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz;
Байланыс телефоны 8(7232)71-32-65; 8(7232)71-32-64
Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Байқау түрі: ашық конкурс.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну орны мен тәртібі: Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі.
Аймақтағы коронавирустық инфекцияның таралуынан туындаған күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қағаз құжаттар қабылданбайды.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. 31 мамырдан бастап 2021 ж. 10 маусымға дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2021 ж. 31 мамырдағы сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2021 ж. 10 маусымдағы сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Конкурстық құжаттармен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik?lang=ru