«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік байқау

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік байқау

Дүниежүзілік музей күніне орай "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі" КМҚК-ның Аягөз аудандық филиалында білімгерлер арасында«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік байқау  өткізілді.Аудандық  білім  бөлімінің әдіскерлері С.Қыржыбаев,Г.Тоқанова және "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі" КМҚК-ның директоры А.Жүзжасарова әділқазылар мүшелері  ретінде нағыз  білімді  оқушыларды  анықтады. Білім  бөлімінің  атынан  Дүниежүзілік музей күнімен  құттықтап, Қабдеш  Жумадиловтың «Әріп пен  Сара»  атты кітабын музей қорына сыйға тартты.

Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақты іскер де батыл, тапқыр да өнерлі етіп тәрбиелеу – мектеп  пен қоғам  алдында  тұрған міндет.ХХІ  ғасыр – қатаң  бәсекелестікке  негізделген  іскерлер, шеберлер, кәсіпкерлер заманына сай  жас  буынды  тәрбиелеу.

5 кезеңнен тұрған байқауда  жақсы  біліммен  көзге  түскен № 4 орта  мектебінің 10 сынып оқушысы Н.Калелова І  орынды  иеленсе,ІІ  орынды  көпбейінді  мектеп гимназияның  оқушысы 10 сынып оқушысы Н.Берікханова және ІІІ  орынды  № 5 орта  мектебінің  10 сынып оқушысы Т.Нурлан иеленді.

Жеңімпаздар "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі" КМҚК-ның Аягөз аудандық филиалының  мақтау  қағаздарымен және  бағалы  сыйлықтарымен марапатталды.