
2021 жылдың 6 мамыр күні аудандық білім бөлімінің және қорғаныстар істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ұйымдастыруларымен 7 Мамыр Отан Қорғаушылар күні мерекесіне,«Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 76 жылдығына» орай «Жас ұлан» атты жас сарбаздар сыныптары оқушылары арасында әскери-спорттық жарысы «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін № 6 орта мектебі» КММ –ң спорт алаңында өткізілді.Жарысқа № 3 ЖББОМ , № 4 ЖББ аралас ОМ және мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін № 6 орта мектебінің жас сарбаздар сыныптарының оқушылар қатысты.Барлық санитралық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Жарыстың мақсаты: Оқушылардың рухани жан-дүниесін кеңейту, өз Отанына патриоттық сезімін нығайту,салауатты өмір салтын насихаттау;
Жарыс түрлері:
Аудандық білім бөлімінің тағайындаған бас төрешісі Р.Бейсеков және хатшысы Н.Нуржауов жарыстың жоғарғы дәрежеде өтуіне ат салысты.Жарыс қорытындысы бойынша І орынды 6 орта мектебінің 5 сыныбының командасы,ІІ орынды № 4 орта мектебінің командасы,ІІІ орынды № 6 орта мектебінің 6 сыныбының командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары «ШҚО ББ Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ-нің мадақтама қағаздарымен марапатталады.