
2021 жылы 9 мамырда Жеңіс күніне арналған іс-шаралар аудандық мәдениет үйінде және барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда өткізілді. Онлайн режимінде мерекелік концерттер, поэзия кештері, театрландырылған қойылымдар, тыл қатысушыларымен кездесулер мен құттықтаулар өтті. Соғыс жылдарындағы әндер мен өлеңдер, сондай-ақ соғыста қаза тапқандарды еске алуға арналған әндер шырқалды, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып , соғыстан оралмағандарды барлығын еске алды.