
Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
2021 жылдың 6 мамыр күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласының филиалында, Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 76 жылдығына орай «Жеңіске құрмет!» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу. Көрме соңында жеңімпаздар музейдің мақтау грамотасымен марапатталды.
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласының филиалы