
7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 76 жылдығына арналған 10-11 класс оқушылары арасында Топтық белтемірде тартылу жарысы
7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 76 жылдығына арналған 10-11 класс оқушылары арасында 《Топтық белтемірде тартылу》жаттығуларынан жарыс өткізілді.
Барлық санитарлық жағдайларды ескере отырып,әр мектепке жеке кесте жасалып, өткізілді. Жарыс идеясы - ҰОС Жеңісінің 76 жылдығына әр мектеп оқушылары 76 рет тартылу керек болатын. Аз оқушымен 76 рет тартылған және одан да көп тартылған мектеп оқушылары жеңімпаз болып танылды.Жарыс мақсаты: Отанын қорғай алатын мықты азаматтарды тәрбиелеу; Тартысты бәсекеде қалалық қазақ мектеп лицей командасы І орынды , №1 орта мектебінің командасы ІІ орынды, № 5 орта мектебінің командасы ІІІ орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!