
28.04.2021 жылы "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық Қожа Ахмет Яссауи оқуларының аудандық кезеңі қашықтықтан өткізілді. Қожа Ахмет Яссауи хикметтері мен ілімін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға 6-10 сынып оқушылары байқаудың екі кезеңі бойынша қатысты. Байқау нәтижесінде көптен оза шапқан #4 ЖББОМ оқушысы Жумадилова Аяжан бас жүлдені иеленді. І орынды "Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін бар жалпы орта білім беретін #6 мектеп" КММ оқушысы Құрмашева Назира иеленді. Бас жүлде мен І орын алған оқушылар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. ІІ орынды Көпбейінді мектеп - гимназиясының оқушысы Болатова Медина мен #5 ЖББОМ оқушысы Серікказиева Айзере иеленсе, ІІІ орынды #10 мектеп - гимназиясының оқушысы Таңатбек Ерсұлтан мен "А.Көшкімбаева атындағы ЖББОМ оқушысы Орынғалиева Айғаным қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!Облысқа жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!