Облыстық «Үздік  дене  шынықтыру пәні  мұғалімі-2021» байқауы   

Облыстық «Үздік  дене  шынықтыру пәні  мұғалімі-2021» байқауы       

2021 жылдың 5-8 сәуір аралығында Шығыс  Қазақстан  облысы  білім  басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастырумен дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдері   арасында қашықтан  облыстық байқау  өткізілді.  Ауданымыздың намысын  № 1 орта  мектебінің дене  шынықтыру пәнінің мұғалімі Эльмира Ниханбаева  қорғады. Еңбек  өтілі  30 жылға  жуық  ұстаз  өз  шеберлігін  осы  байқауда көрсете  білді.Байқау  шарттарын жоғарғы  дәрежеде  орындай  білді.

Аталған байқау  білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметті дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдауға, дене шынықтыру бойынша педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

2.1.Байқаудың негізгі мақсаты-дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуге ықпал ету, осы кәсіптің мұғалім еңбегінің беделін арттыру.

2.2.Конкурстың негізгі міндеттері болып табылады:

* білім беру сапасын арттыру;

* педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;

* білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

* озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату;

* заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;

* шығармашылық педагогтарды қолдау және мұғалім мамандығының беделін көтеру.

Облыстық «Үздік дене шынықтыру пәні  мұғалімі-2021» байқауында үздік  болып  танылып, Республикаға  жолдама алды. Республикалық «Балдәурен» балалар-сауықтыру  орталығында жылда  өткізілетін  дәстүрлі байқауда Шығыстың  намысын  қорғайтын  болды. Құтты  болсын! Республикалық  байқауда  сәттілік!