Ғарыш әлеміне саяхат

Ғарыш әлеміне саяхат

2021 жылы 8 сәуір күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласының филиалында 12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» атты тақырыптық дәріс өткізілді.

Дәріске № 1 ЖББОМ-ның 5- сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Төлегенқызы Айдана қатысты.

Мақсаты: оқушылардың 12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру және зейінділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру болып табылды.