
2021 жылы 2 сәуір күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласының филиалында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, «Жамбыл – ғасыр адамы» атты танымдық дәріс өткізілді.
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда туылған. Жамбылдың әкесі Жапа, анасы Ұлдан өздерінің көшіп-қонып жүрген Жамбыл тауының атымен атаған екен. Жамбыл 14 жасынан бастап өлең айтып, 15 жасында Жетісудың атақты ақыны Сүйінбайдың ақ батасын алған. Жамбыл Жабаев жастарды Отан сүйгіш, елін, жерін жаудан қорғауға арналған патриоттық өлеңдерін бүгінгі ұрпаққа қалдырып кетті.
Дәріс соңында оқушылар өздері дайындап келген ақынның өлеңдерін оқыды. Қалалық №1 орта мектептің 5 сынып оқушысы Жанаева Айзеренің орындауында, музей қонақтарына бірнеше күй тарту етті.