Аудандық «Ағылшын тілінің үздік мұғалімі- 2021» байқауы

Аудандық «Ағылшын тілінің үздік мұғалімі- 2021» байқауы

Аудандық  білім бөлімінің ұйымдастыруымен  19 наурыз күні "Ағылшын тілінің үздік мұғалімі- 2021"облыстық қашықтық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты: жалпы білім беретін орта мектеп педагогтерінің инновациялық қызметін жандандыру және педагог кәсібінің беделін арттыру, оң имиджін қалыптастыру,  талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу . Осы конкурсқа ауданымыздан  барлығы сегіз мектептен жас ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Нәтижесі:  Бас  жүлде - Ақылтайқызы Еркеназ -көп салалы мектеп гимназия , І орын- Дуйсенгажиев Махамбет № 5 орта мектеп,  2 орын- Парасатова Балжан  № 1 орта мектеп және Қайырбек Мөлдір- Ж.Жабаев атындағы орта мектеп,  3 орын - Ғалымқызы Еркежан мектеп- лицей.