
2021жылдың 31 наурыз күні «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-де«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында педагог қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру: «Қашықтықтан оқытудың практикалық құралдары» тақырыбында жетекші және серіктес метептер арасында семинар -практикум өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет ұйымдастырушысы Бейсекова Айгуль Толеубековна, жетекші мектептердің үйлестірушілері, серіктес мектеп «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп үйлестірушісі Керимбаева Жанар Рахымқызы, және кәсіби қоғамдастықтың көшбасшы ұстаздары қатысты.
Сминар -практикумның мақсаты:
Цифрлық технологияны дамыту жағдайында педагогтардың цифрлық құзіреттілігінің даму үрдісін жетілдіру
Семинар ДОІЖО ,мектеп үйлестірушісі Маликова Ж.Ы баяндамасымен басталды. Ары қарай Педагог -зерттеуші Тұманбаева А. «Mentimeter» бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары, Педагог- сарапшы Жакупбекова Б.Б
«Word wall» бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары, І деңгейлі,
педагог -зерттеуші Чинкоджаева Ж.Г,педагог-сарапшы Бауыржанова А.Б
«Padlet»тақтасымен жұмыc жасаудың мүмкіндіктері тақырыбында өз
іс-тәжірибелерімен бөлісті,семинарға қатысушы ұстаздармен практикалық жұмыстар жүргізілді. Семинар жұмысы мектептің инста парақшасында тікелей эфирде де жүргізлді және «Шабыт» кәсіби қоғамдастықтың сайтына (https://sites.google.com/view/shabyt/%D0%B3%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B0)
барлық материалдар жарияланды Семинар соңында келген қонақтар кері байланыс жасай отырып семинар жоғары дәрежеде ұйымдастырылған деп бағалап, мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.