
2021 жылдың 30 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Білім алушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау бойынша Аягоз ауданының жұмыс тәжірибесі» тақырыбында аудандық, қалалық мектеп директорларымен облыстық онлайн-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты - мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық тиімділігін арттыру және ҰБТ-ға дайындаудың практикалық дағдыларын игеру.
Онлайн-семинарға облыстың 200-ден астам мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты. Семинар орыс және қазақ тілдерінде ұйымдастырылды.
Семинарда ауданымыздың мектеп директорларының іс-тәжірибесі таратылды:
1. «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Канапьянова Айнур Аулейсовна «Басқару мен көшбасшылық арқылы өзгерістерге қол жеткізу»;
2. «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ Камытбаев Кайрат Газизович «ҰБТ – көрсеткіші білім сапасының индикаторы»;
3. «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ Жарова Назигул Муратбековна «Тиімді менеджмент-нәтижелі ҰБТ»;
4. «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ Абуталипова Гульнар Турсынкуловна «Мектеп тәжірибесі: жетістіктер мен қиындықтар»;
5. «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ Шумаков Бейбит Иргебаевич «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді стратегиясы» тақырыбында өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Семинар барысында ҰБТ-да жоғары білім сапасын көрсетіп жүрген ауданымыздың ұстаздары Мухажанова Алтынұя Уалихановна , Тәжіков Дәулет Қайратұлы,Абдильдинова Бақтыгуль Аристотеловна, Оразалинова Айым Курмангалиевна, Шапиева Алия Азатовна;Кунусова Меруерт Орынгалиевна, Майрупова Рева Тайконуровна оқушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ –ға дайындауда табысқа жетудің жолдарын көрсетіп, пікір алмасты. Семинарға қатысушылар тарапынан оң баға берілді.