27 наурыз - Дүниежүзілік театр күні

27 наурыз - Дүниежүзілік театр күні

Аудандық мәдениет үйінде «Қозы Көрпеш» халық театры тұңғыш рет Дүниежүзілік театр күніне орай «Жақсы іске қолдау болайық» атты қысқаметражды фильм түсірді. Фильмнің басты мақсаты көрерменге мейірімділік пен адамдарға көмек ету тақырыбын жеткізу болды. Иманды, мейірімді басты кейіпкер Ғалымбек, компанияның бастығы болып бәріне көмек қолын созып, адамдардың жаман істеріне жол бермей, дұрыс жолға түсулеріне ықпал жасады, рөльде ойнаған театр әртісі Ербол Дулатов. Бұл қойылымдағы барлық актерлер өздеріне берілген рөльдердің табиғатын аша білді.