Аудан  ауылдарында «Наурыз -2021» мерекесі

Аудан  ауылдарында «Наурыз -2021» мерекесі

Ауданның барлық ауылдық округтерінде «Наурыз -2021» мерекесі мерекеленді, биыл мереке эпидемиологиялық жағдайға байланысты көп адамдарды жинамай онлайн режимінде өтті. Ұлттық салт-дәстүрлер туралы, ауыл ақсақалдарының құттықтаулары, ізгі тілектер байқауы, көктем мерекесіне арналған ең үздік  ән байқауы, ұлттық ойындар  ұйымдастырылып көптеген бейнематериалдар түсірілді. Ауылдарда қайырымдылық шаралары қарттарға көмек түрінде өткізілді. Сонымен қатар, мерекелік онлайн-концерттер, Қазақстан жұлдыздарының жерлестеріне бейне құттықтаулары, барлық іс-шаралар әр ауылдың әлеуметтік желілердегі чаттарына орналастырылып халыққа көрсетілді.