«Сыйынар ем  Ана  деген - Тәңірге»          

«Сыйынар ем  Ана  деген - Тәңірге»           

2021 жылы 5 наурыз күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз қаласындағы филиалында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, «Сыйынар ем, Ана деген  тәңірге» атты мерекелік іс-шара өтті.  К.Бозтаев атындағы мектеп - гимназиясының 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Оқушылар өздері дайындап келген өлеңдері мен билерін билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік кештің мақсаты: «Ана» - жайлы тамаша өлеңдер арқылы ұрпақтарымызды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға деген құрметін арттыру, ана еңбегін қадірлей  білуге шақыру.