«Ауған асуында от кешкендер» атты экскурсия

«Ауған асуында от кешкендер» атты экскурсия

«Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз қаласының филиалында 15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Жеңіске құрмет» атты экспозициялық бөлімінде экскурсия жүргізілді. Экскурсияға «№ 6 ЖББОМ жанындағы интернатпен» КММ 6 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.