Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсын» атты музыкалық-әдеби кеш

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсын» атты музыкалық-әдеби кеш

Аудандық «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мәдениет үйінде қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсын» атты музыкалық-әдеби кеш онлайн режимінде өтті. Кеш халықтық театр әртістерінің «Аққулар ұйықтағанда» шығармашылығының қойылымымен басталды. Қойылымда ақын табиғат пен аққулардың ұлылығы мен қасиеттерін және адамдардың оларға деген ежелден қалыптасқан көзқарасын көрсетті. Содан кейін концерттік бағдарлама аудандық мәдениет үйінің әншілерінің орындауында ақынның сөзіне жазылған әндерімен жалғасты.