«Дүние теңіз, ғылым кеме» атты танымдық дәріс

«Дүние теңіз, ғылым кеме» атты танымдық дәріс

2020 жылы 19 қаңтар күні «Семей қаласының тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз қаласының филиалында, өңіріміздің тумасы Әріп Тәңірбергенұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Дүние теңіз, ғылым кеме» атты танымдық дәріс өтті.

 Дәріске мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектептің  11-сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Айдар Құрмансерікұлы қатысты.

Оқушыларға «Найманның сары шегірі», «бес Байыстың қара нары» атанған  ұлы Абайдың шәкірті, дарынды ақын Әріп Тәңірбергенұлы жайлы  мәліметтер берілді.

Танымдық дәріс соңы келушілерге музейдің экспозициялық бөлімдеріне экскурсия жүргізілуімен аяқталды.