
Аягөз қаласының № 6 орта мектептің жас сарбаз сыныбының оқушылары 2020 жыл қортыныдысы бойынша Қарулы Күштерде «Әскер тарланы» конкурсының үздігі атанған 10810 әскери бөлімнің танк механик-жүргізушісі аға сержант Марат Түсіповпен кездесті.
Патриоттық тәрбие мен болашақ сарбаздарға әскери салада қарапайым қызметпен де үлкен белестерді бағындыруға болатындығы жайлы мақсаттағы ұйымдастырылған бұл кездесу оқушыларға өте ұнады. Себебі әскери қызметтегі жетістіктерімен және танк биатлонында Отанының намысын қорғаудағы көрсеткен кәсіби шеберлігімен бүгінде ел аузында жүрген майталманды өз көздерімен көріп сұхпаттасу оқушыларға ерекше әсер берді. Кездесу барысында әскер тарланы өзінің әскери қызметке қалай келгендігі туралы және бүгінгі абыройға қандай еңбекпен жеткендігі жайлы сырымен бөлісті. Сонымен қатар оқушыларға сайыста өзіңнің ғана емес тәуелсіз мемлекетіміздің абыройын басқада мемлекеттердің алдында қорғау өте жауапты іс екендігін және басынан өткен қиындықтар мен қызықты сәттерін де әңгімелеп берді. Шара барысында жас сарбаздардың назарына аға сержант Марат Тусуповтың әлемдік аренадағы сайыста көрсеткен жетістіктерінің видеосы және Қарулы Күштер басшыларымен сонымен қатар басқада шет мемлекеттердің басшылығымен марапатталған медальдары, мақтау қағаздары көрсетілді. Аталған кездесуде барлық санитарлық-эпидемилогиялық шаралардың талаптары сақталды.
«Бүгінгі оқушылармен кездесу мен үшін өте үлкен құрмет. Неге десеңіз жас сарбаздардың маған қойған сұрақтары астарынан келешекте олардың Отан қорғауға деген және әскери саланы игеруге деген ынталары байқалады, сол көңілімді қуантты»,- деді әскер тарланы аға сержант Марат Түсіпов.
Аталмыш сабақ барысында жас сарбаздар үздік танк жүргізушісіне ұрыс техникасы мен мүмкіндіктері жайлы және әлемдік дәрежедегі сайыстарда алған әсері жайлы қызықтыратын сұрақтарын қойып, тиісінше тұжырымды жауаптарын алды. Шара соңында жас сарбаздар сыныбы жетекшісі ҚР ҚК запастағы прапорщигі Нұржан Нұржауов қонаққа алғысын білдірді.
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі