
2021 жылдың 8 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының Аягөз аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері комитетінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында қашықтан білім қызметкерлері арасында ләңгі жарысы өткізілді.
Ләңгі – көшпенді қазақтың балалары ешкінің тулағынан кесіп алған бір жапырақтай теріге немесе ешкі құйрығына оймақтай қорғасын құйып жасап, теуіп ойнайтын ойыны. Ауыл баласының бір кездері шын беріліп ойнайтын ұлттық ойындарының бірі – асық болса, екіншісі – осы ләңгі еді.Болашақ жастар ұлттық ойындарын біліп жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.Жарыстың бас төрешісі Т. Оспанбеков жеребеден соң, жарыс кестесімен қатысушыларды таныстырды. Жарыс тартымды да,қызықты өтті.
Тартысты жарыста І орынды № 4 орта мектебінің мұғалімі С.Көкенов,ІІ орынды Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі Ж.Сембаев, ІІІ орынды С. К.Бозтаев атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Койшуев және Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі М.Жаманкулов өз-ара бөлісті.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.