Памятка населению в зимний период

Памятка населению в зимний период

Біздің қаланың құрметті тұрғындары мен қонақтары, қатты жел, боран, аяз қауіпі болу кезінде  төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі ұсынады:

  • радиоқабылдағыштар мен теледидарлар үнемі қосулы болуын;
  • су, дәрі-дәрмектер, тамақ қорын дайындауын;
  • жекеменшік үйіндегілер жануарларға қосымша су мен жем-шөп қорын дайындауын;

Қыс мерзімінде табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар кезіндегі іс-әрекеті жөнінде халыққа  ЖАДЫНАМА

Төтенше жағдай кезінде ауа температурасының төменгі жағдайында ұзақ уақытқа дейін өмір сүру, біріншіден адамның физикалық және моральдық, үй жағдайына, киімге, аяқ-киімге, жанар-жағар майдың, су мен тамақтың қорына байланысты.

Қатты жел, боран, аяз қауіпі болу кезінде халық міндетті:

  • радиоқабылдағыштар мен теледидарларды үнемі қосуға;
  • су, дәрі-дәрмектер, тамақ қорын дайындауға;
  • жекеменшік үйіндегілер шатырды, ауа соратын тесіктерді жабуға. Үлкен терезелерді тақтайлармен шегелеуге, жануарларға су мен жем-шөп қорын жасауға.

Егер сіз жолда қолайсыз ауа - райында қалсаңыз:

  • топтарға бөлінуге болмайды;
  • артық киім алып шығуды артықсынбаңыз;
  • ауа-райының өзгеруін бақылаңыз;
  • жолды кесіп, қысқартуға тырыспаңыз, жаңа жол салмаңыз;
  • өз жағдайыңызды әрқашан бақылаңыз, толық немесе жергілікті тоңазуға жол бермеңіз;
  • желге және төменгі ауа-температурасына тікелей зақымданған терінің ашық жерлерін уқалаңыз;
  • тоңазыған аяқ-қолдарыңызды әртүрлі уқалау және т.б. тәсілдерімен, құлаштап сермеумен жылытыңыз;
  • егер қатты шаршасаңыз немесе өзіңізді жайсыз сезінсеңіз дереу қайтыңыз.

Есте сақтаңыз, үсіген адамды жылытқаннан гөрі, үсіктің алдын алу анағұрлым жеңілірек!

«ШҚО ТЖД Аягөз ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі» ММ