
Қашықтықтан оқыту жағдайында аудандық дене шынықтыру пәні бірлестігі жақсы және тиімді жұмыс істеді.2020-2021 оқу жылына арналған қашықтан оқытудағы 1 – 11 кластарға сабақ жоспарларын әзірленді.Оқу жылы басталғанда дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне үлкен көмегін тигізді. Аудан көлемінде жарыстар, байқаулар өткізілуде.
Қыздар арасында белтемірде ілініп тұру,ұлдар арасында секіргішпен секіру,ШҚО кәсіподақ ұйымының 100 жылдығына арналған ұстаздар арасында шағын футболдан жарыс,Президенттік көпсайыстан жарыстар өткізілді. Ұлдар арасында отырып,тұру,Ұлы Абайдың 175 жылдығына сурет, қолөнер байқаулары,тепе- теңдікті сақтау жаттығуларынан жарыс,жас сарбаздар арасында сырықта бұрыш жасап тұру, «Салауатты өмір салтын таңдаймыз!» бейнероликтер байқауы өткізілді. Күзгі демалысты тиімді пайдаланып, мектепішілік қашықтан байқаулар, жарыстар өткізілді. Атақты спортшылармен, арадагер спортшылармен, шахматшылармен қашықтан кездесулер ұйымдастырылды.
Дене шынықтыру,көркем еңбек,алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері қауымдастықтарының кезекті отырыстары ZOMM платформасы арқылы өткізілді.Ұстаздар қашықтан оқытудағы сабақ беру тәсілдерімен бөлісіп, қашықтан жарыс,байқау өткізу туралы ақпараттар,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Желтоқсан айына да көптеген жарыс, байқаулар жоспарлануда. Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған жас сарбаздара арасындағы патриоттық әндер байқауы, «Жас спортшы таңғажайып спорт әлемінде!» атты мектеп оқушылары арасындағы қашықтан фотосурет байқауы,»Ауылым- алтын бесігім!» фотосурет байқауы, қазақтың ұлттық ойыны ләңгі тебу жарыстарын өткізу жоспарланды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлер жарыс,байқау соңында мақтау қағаздармен марапатталды.